Фитнес-орталықтар мен СПА салондар 1 маусымнан бастап ашылады
Опубликовано:
Қазақстанда 1 маусымнан бастап фитнес-орталықтар мен СПА салондар ашылады. Сондай-ақ спорт және мәдениет нысандары көрерменсіз жұмыс істейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұдан бөлек, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 адамнан аспауы тиіс), ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады.
Айта кетейік, бұған дейін индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында 1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынатынын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін 1 маусымнан бастап еліміздің қай қалаларына пойыздар қатынайтынын хабарлаған болатынбыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады.
Ал 5 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасындағы автобус қатынасының қайта жанданатыны белгілі болды.
Сондай-ақ, азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев елімізде халықаралық әуе қатынасы қалай қалпына келтірілетіні туралы сөз қозғады.
Ол шет елдерге рейстер бүгін-ертең ашылмайтынын, бұл эпидемия тұрақталғанан кейін мүмкін болатынын мәлім етті. Комитет басшысы халықаралық рейстердің қалыпқа келуі қосымша хабарланатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858090-fitnes-ortalyktar-men-spa-salondar-1-mausymnan-bastap-asylady/