jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында жүзден аса тәжік азаматы екі айдан бері еліне қайта алмай отыр

: UGC

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 200-ден астам тәжік азаматы отанына қайта алмай жатыр. Шекаралардың жабылуына байланысты тәжіктер кішкентай балаларымен бірге адам шошырлық жағдайда тұруға мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

"20 күн жуынбай, аш жатыр": Түркістан облысында жүзден аса шетел азаматы
Сюжеттегі кадрлар: Астана арнасы: UGC

Тәжікстанның екі жүзден астам азаматы Түркістан облысында, Өзбекстанмен шекаралас аймақта шатыр құрып, екі айдан астам уақыт бойы адам шошырлық, сұмдық жағдайда өмір сүруге мәжбүр: картон қағазда ұйықтайды, кейбіреулерінің жатын орны тікелей қоғамдық дәретханаларға қарама-қарсы орналасқан, өйткені барлығына орын жетпейді.

Адамдар бірнеше апта бойы жуынбаған, әркімнің ас ішуге мүмкіндігі бола бермейді. Осыншама уақыт осында паналаған тәжіктердің ақшасы да таусылған. Оларға еріктілер тамақ пен киім әкеліп, жемдемдеседі. Алайда бәрібір де жүздеген адамды қамтамасыз ету мүмкін емес.

Олардың арасында мүгедектер, жүкті әйелдер мен балалар да бар. Оның үстіне Ресейден келген тәжік азаматының өлі денесі де осы жерде сақталған екен. Өзбекстан шекарашылары шекарадан мырыш табытты өткізбеген көрінеді.

Денеден иіс шыға бастаған соң олар Ресейде қайтыс болған отандастарын Түркістан облысында жерлеген.

"Қазан анау жерде тұр. Тамақ әзірлейміз. 100 адамдай тама ішсе, қалғаны аш қалуда. Мұнда тіпті жүкті әйелдер де бар. Олар қоқыс пакеттерінен өздеріне шатыр тұрғызып алды. Балалар кір-қожалақ. Кейбірінің жуынбағанына 20 күн болған",– деді Тәжікстан азаматы Умар Хамидов.

Отанына жете алмай отырған тәжік азаматтары өз елінің билігі бұл жерден қай уақытта алып кететіні туралы нақты жауап бермей отырғанын айтады. Олар күте тұруды сұраған. Бірақ сол арада күте-күте 70 күннен аса уақыт өткен.

Тәжікстан елшісінің айтуынша, билік Өзбекстан үкіметімен шекарадан өтетін азаматтардың мәселесін шешуге тырысып жатыр екен.

Еске сала кетсек, Алматы қаласында Тәжікстан азаматы ұсталған еді. Полицейлердің ақпары бойынша, ол героин сатумен айналысқан.

Түркістан облысында жүзден аса тәжік азаматы екі айдан бері еліне қайта алмай отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.