Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин Қызылордада өзі оқыған университетте сабақ беретін болды

Опубликовано:

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жастарға дәріс беретін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Илья Ильин жоғары оқу орнында дәріс беретін болды
Фото: Instagram/ ilyailyinforever: Getty Images

Илья Ильин аталған жоғары оқу орнында 2005-2009 жылдар аралығында білім алған.

Ол 2011 жылы магистратураны тәмамдап, педагогикалық ғылымдардың магистрі дәрежесін алған.

Ауыр атлет университет ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен кездесу барысында ұстаздарына өзінің ризашылығын жеткізді. Оған білім алушы жастарға дәріс беру туралы ұсыныс айтылды.

Кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Бұл ұсынысты ауыр атлет қабыл алды.

  • Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
  • Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлем чемпионы атанды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде шеберлігін көрсетті.

Айта кетейік, осыған дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Илья Ильин "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры болып тағайындалды.

Ол 17 жасында ең жас әлем чемпионы болып, есімі Гиннесстің рекордтар кітабына жазылды. Әлемнің және Қазақстан Республикасының ең үздік спортшысы атанды. 2008 жылы "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859042-ila-ilin-kyzylordada-zi-okygan-universitette-sabak-beretin-boldy/

pixel