Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсары кәсіпкерлері сауда орталықтары мен базарларды ашуды талап етуде (видео)

Опубликовано:

Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласында кәсіпкерлер сауда нүктелерін ашуды сұрап, жергілікті әкімдік алдына жиналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Құлсары тұрғындары талаптарын айту үшін әкімдік алдына жиналды (видео)
Видеодан кадрлар: ATPress.kz: Getty Images

Әкімдік алдына жиналған шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің негізгі талабы— базарлар мен сауда орындарын ашу.

Себебі, Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері Т.Хабибуллиннің қаулысына сәйкес, 18 маусымға дейін ауданда карантин жарияланған еді. Аталған қаулыға сай, коронавирус дертінің таралып кетпеуі үшін азық-түлік сатпайтын сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмеген болатын.

Өйткені, соңғы мәліметтер бойынша, Жылыой ауданы аумағында орналасқан Теңіз кең орнында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1013 жағдайы тіркелген, ал ауданның елді мекендерінде 43 дерек анықталған. Оның 33-і Құлсары қаласында тіркелген және пациенттердің екеуі күні кеше қайтыс болған.

"Қазіргі кезде жиналған кәсіпкерлермен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың арасында Жылыой ауданының әкімі мен ауданның бас санитарлық дәрігері де бар. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен Құлсары қаласына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев аттанды", - деп хабардар етті Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтанда той бизнесінің өкілдері әкімдік алдына жиналып, тойханаларды ашуды талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859085-klsary-ksipkerleri-sauda-ortalyktary-men-bazarlardy-asudy-talap-etude-video/

pixel