Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист Мақсат Толықбай жаңа жобаны қолға алды

Опубликовано:

Мақсат Толықбай
Фото: Instagram

Отандық тележурналист, «Ашық алаң» ток-шоуының жүргізушісі Мақсат Толықбай енді сайт тізгінін қолға алды. Ол ауылшаруашылығы өнімдері мен төрт-түлік мал және ірі-қара сататын Малтабу сайтына жетекшілік етеді.

Аталған сайтты осыдан бірнеше жыл бұрын Ербол Әдірайымов ашқан болатын. Бүгінде ол Қазақстан бойынша ана тілінде қызмет ететін жалғыз жобаны білікті журналиске тапсыру туралы шешім қабылдаған.

«Қазақ халқы үшін төрт-түлік малдың орны ерекше. Мінсе көлік, ішерге ас болған төрт-түлікті бабаларымыз қашанда қастерлеген. Заман алға озған сайын, түрлі ресурстар пайда бола бастады.

Интернет жобалар мен сайт-порталдардың дәуірі қазір. Алайда, Малтабу секілді қазақ тілінде жұмыс істейтін жобалар жоқтың қасы. Әрине, орыс тілінде түрлі жарнама сайттарын тауып аласыз. Қазақ тілді оқырман да бір дүниесін сатар болса, орысша сайттарға жүгінеді.

Сол себепті, біз әр ағайын қолындағы малын, төрт-түліктен алған өнімін сататын сайт ашқан едік. Бүгінде бұл бірегей жобаны Мақсат Толықбайға тапсырып отырмын. Бұған көз тіккен шетелдіктер де болды. Бірақ оларға сатуға арым бармады. Өйткені, бұл өзімізге керек, өзімізде қат дүние», - дейді Әбдірайымов.

Ал Мақсат Толықбай болса, аталған сайтты одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтады.

«Ең алдымен ауылдағы ағайынның жағдайын ойлап отырмыз. Малын қалаға не аудан орталығына әкеліп әуре болмай, интернет арқылы сата алады. Төрт түліктен бөлек, сүті, майы, қаймағы мен қазы-қартасын да өткізуге мүмкіндік алып отыр.
Ортадағы делдалдармен бөліспей, өзінің бейнетпен баққан малын оңай сата алады. Әзірге бұл еліміздегі бірегей жобалардың бірі. Әлі кем-кетіктері бар, алда соларды түзетіп, халыққа пайдалы дүние ұсынамыз», - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859810-zurnalist-maksat-tolykbaj-zaa-zobany-kolga-aldy/

pixel