Владимир Зеленскийдің жұбайы коронавирус жұқтырды
Жарияланған күні:
2020 жылдың 12 маусымында Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, оң нәтиже алды. Қазір ол амбулаториялық ем қабылдап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дереккөздің хабарлауынша, коронавирус инфекциясын анықтайтын тестті мемлекет басшысы мен әйелі, балалары тапсырған.
Қазір олардың ешқайсысынан коронавирус диагнозы расталған жоқ. Ал Украина президентінің әйелі коронавирусты қалай және қандай жағдайда жұқтырып алғаны белгісіз.
Украина президенті кеңсесі баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми парақшасы жауаптарды анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, осыған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елдің бұрынғы премьер-министр Алексей Гончаруктің командасы шынайы нәтижеден гөрі желідегі лайк санына қызыққанын айтып берді. Оның сөзінше, министрлер кабинетінің мүшелеріне, тіпті, жұмыс уақытында Facebook-ке кіруге тыйым салуға тура келген.
Зеленский жас министрлердің алғашында БАҚ өкілдерінен қашып, қаралым және лайк саны бойынша желі қолданушыларының алдында жарысып жүргенін сөз етті. Украина басшысы әлеуметтік желіге тіркелмеген ел тұрғындары да бар екені туралы билік өкілдерінің есіне салуға мәжбүр болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860180-vladimir-zelenskijdi-zbajy-koronavirus-zktyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.