jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Ақ нәсілді жігітті шабуылдан аман алып қалған қара нәсілді азаматқа ел сүйсінді (фото)

: UGC

Лондонда сенбі күні болған наразылық шерулері бақылаудан шығып, соңы зорлық-зомбылыққа ұласып кетті. Тіпті шеруге қатысушылардың бірі қара нәсілді азамат ақ нәсілдіні ер адамды қорғау мақсатында жиналған қалың жұрт арасынан қауіпсіз жерге алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қара нәсілді жігіт ақ жігітті аман алып қалған
Фото: Simon Dawson / Reuters: UGC

Басылымның мәліметінше, Патрик Хатчинсон мен тағы төрт наразылық білдіруші төбелеске ұласуға сәл қалған жанжалдың куәсі болған. Бес адам жерге құлаған ақ нәсілді азаматты қоршап алған.

Бұны байқған Патрик жерде жатқанды азаматты көтеріп алып, қауіпсіз жерге бет алған, қалған төртеуі оларды қоршап алып, шабуылдан қорғапты.

"Мен жай ғана жерде жатқан адам жайлы ойладым. Егер біз араласпағанымызда жағдай жақсылықпен аяқталмасы анық еді. Менде оны қауіпсіз жерге жеткізуден басқа ой болған жоқ. Біз дұрыс әрекет еттік", – дейді Патрик.
Қара нәсілді жігіт ақ жігітті аман алып қалған
Фото: Channel 4: UGC

Белсенді Джордж Флойдтың өліміне араша түспеген Миннеаполистегі үш полицей сияқты шетте қалмауды жөн көрген.

"Наразылық дегеніміз қаралар мен ақтардың арасындағы қақтығысты білдірмейді. Біз бәріміз нәсілшілдерге қарсы болуымыз керек. Мен бәрімізге теңдей қараса екен деймін. Қазіргі уақытта таразы басы тең емес, мен тек балаларым мен немерелерімнің өмірі әділ және адал болғанын қалаймын", – деді Патрик Хатчинсон.
Қара нәсілді жігіт ақ жігітті аман алып қалған
Фото: Luke Dray / Getty Images: UGC

Еске салсақ, бұған дейін қара нәсілді азамат Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ-та басталып, Еуропа елдерінде жалғасқан тәртіпсіздіктерден фоторепортаж ұсынған едік.

Ақ нәсілді жігітті шабуылдан аман алып қалған қара нәсілді азаматқа ел сүйсінді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.