Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда мас күйдегі келіншек қағып кеткен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда мас келіншек қағып кеткен адамдардың жағдайын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда көлік астына түскен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Елордалық ПД мәліметінше, жол апатынан үш адам зардап шеккен, бірақ дәрігерлердің айтуынша, олардың саны төртеу болған.

Олар 19 және 22 жастағы қыздар, 30 жастағы елордалық әйел және 2018 жылы туған ұл бала.

"Бүлдіршін №2 көп көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Ол жабық бас сүйек-ми, бастың соғылуы, жіліншіктің сынуы сынды жарақат алған. Сондай-ақ, травматикалық шок алған. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деді дәрігерлер.

Ақ халаттылар бүгін баланы нейрохирургия бөліміне ауыстыруды жоспарланып отыр. Қалған зардап шеккендер травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордадағы көшелердің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлаған едік.

Келіншек мас күйінде рөлге отырып, екі адам мен бір кішкентай баланы қағып кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің хабарлауынша, 2020 жылдың 22 маусымында кешкі уақытта жеңіл көлік үш жаяу жүргіншіні қаққан, олардың арасында 2018 жылы туған бір кішкентай бала мен 2001 және 2002 жылы туған екі тұрғын болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861741-nr-sltanda-mas-kjdegi-kelinsek-kagyp-ketken-eki-zasar-bala-zansaktau-bliminde-zatyr/

pixel