Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңа денсаулық сақтау министрі мен үкіметке тапсырма берді

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қосымша шаралар әзірлеп, ұсынуды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев жаңа денсаулық сақтау министрі мен үкіметке тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда/архив: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу, ауруханалар мен емханалардағы азаматтарға көрсетілетін қызметті жақсарту жөнінде қосымша шаралар әзірлеп ұсыну тапсырылды", - делінген президент жариялаған жазбада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында әлемді жайлаған коронавирус індеті жайында сөз қозғады. Ол ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өздері дәрменсіз болып отырғанын жеткізді.

"Шынында да, бұл індет біздің ғана емес, жалпы әлемдегі адамзаттың бет-бейнесін, тұрмыс-тіршілігін өзгертті. Ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өздері дәрменсіз болып отыр. Оған бәріміз куәміз. Озық деп жүрген Еуропа елдері, азуын айға білеген АҚШ, Азия алыптары – Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тағы басқа да елдер тығырыққа тірелгендей", – деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862379-tokaev-zaa-densaulyk-saktau-ministri-men-kimetke-tapsyrma-berdi/

pixel