Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байғараев: Әкімдік жылдам шешім қабылдамаса, жағдай бұдан да қиындауы мүмкін

Опубликовано:

Республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараев коронавирусқа байланысты елордадағы жағдай бақылаудан шығып кеткенін мәлімдеді. Оның ойынша, еліміз мұндай оқиғалармен алғаш рет бетпе-бет келіп тұрғандықтан, тың шешімдер керек. Журналист бұл жазбасымен әкімдікке өз үндеуін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

нұрма
Нұрмахамед Байғараев. Фото: facebook: Instagram
"Меніңше, елордадағы жағдай бақылаудан шығып кетті. Қаншама адам үйінде емделіп жатыр, статистикаға кірмеген, жедел жәрдем келмейді, келсе, алып кетпейді. Ауруханада орын жоқ. Дәрігер жетіспейді.

Емханалар карантинде. Көп ем түрін жасамайды. Сондықтан ауырған жұрт процедурный кабинеттер іздеп кетті. Заңсыздары ашылып жатыр. Бір бөлмеде 3-4 науқас укол, система салады. Қайта вирустың тарауына жағдай жасайды.

  • Ел, қала мұндай жағдаймен алғаш бетпе-бет келіп тұр. Сондықтан тың шешімдер керек деп ойлаймын.

Яғни, ірі спорт кешендерін, салтанат сарайларын, залдарды уақытша ауруханаға айналдыруға болады. Ал тәжірибелі медбикелерді қысқа курстан өткізіп, емдеу құқығын беруге болатын шығар.

Бірде Англяда мені медбике қарап, диагнозын айтып, ем жазып, қолыма мазь ұстатқан.

Медбике жетпесе, интернатурадағы үздік 6-7 курс мед.академия студенттерін неге тартпасқа? Олар укол, система салуды біледі.

Жеке клиникаларды жартылай міндеттеп, жартылай ақысын төлеп, көмекке шақыруға болады.

Қысқасы, әкімдік жылдам, қажетті шешімдер қабылдамаса, жағдай бұдан да қиындауы мүмкін. Ал қазіргідей тыйым сала берудің пайдасы шамалы екенін көрдік. Өйткені жұрт ақша тауып, отбасын асырау керек. Экономика тұралап қалды.

Бұл кезекті сыни пост емес. Біз осылай әкімдіктен тиімді шешімдер талап етуіміз керек. Жағдайдың ушығып жатқанын көріп тұрмыз. Негізі, мәслихат депутаттары арқылы талап етуіміз керек. Бірақ олардың кім, қайда екенін білмейміз....", -деп жазды ол өз парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862483-bajgaraev-kimdik-zyldam-sesim-kabyldamasa-zagdaj-bdan-da-kiyndauy-mmkin/

pixel