jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Зеленский Украинаның соңғы президенті болуы мүмкін

: UGC

Жоғарғы Рада депутаты Вадим Рабинович Украинаның парламенттік республика болуға жақын қалғанын, ал Владимир Зеленскийдің мемлекеттің соңғы президенті атанатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зеленский Украинаның соңғы президенті болуы мүмкін
Фото: sharij.net: UGC

Саясаткер бір жыл бұрын өткен президенттік сайлауда "халыққа соншама уәде берген" Зеленскийді азаматтардың төрттен үш бөлігі қолдағанын, бірақ олардың көпшілігі бүгінде биліктің іс-әрекеттерінен көңілі қалғанын атап өтті.

Парламентарийдің пікірінше, мемлекет басшысы мемлекетпен не істеу керектігін білмейді.

"Зеленскийдің елімізді өркендетуге зор мүмкіндігі болды, бірақ қазір өркендеу көрінбейді. Мен бір жыл бұрын: "Владимир Зеленский не ең табысты президент болады, не Украинаның соңғы президенті болады. Себебі біз парламенттік республика боламыз", - деген едім. Менің ойымша, бүгінде біз екінші нұсқаға жақынбыз!" - дейді Вадим Рабинович.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зеленскийдің жұбайы Еленадан коронавирус анықталғанын жазған едік.

Кейін оның екіжақты пневмониямен ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, COVID-19 Украина басшысы мен оның балаларынан анықталмаған. Олардан алынған тест теріс нәтиже көрсеткен.

Зеленский Украинаның соңғы президенті болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.