Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарғалы өзеніндегі сұмдық көрініс экологтарды аяғынан тік тұрғызды (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы Қарғалы өзеніндегі сұмдық көрініс тұрғындар мен экологтарды аяғынан тік тұрғызды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан тап-таза тау өзенінің қатты көпіршіп, су емес, көбік ағып жатқаны анық көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Алмты
Видеодан кадр: КТК: Getty Images

"Не болып жатыр, жұртым, қараңдаршы! Жоқ, ұнтақтың иісі шығады", - дейді видео авторы.

Өзеннің көбікке оранған сәтін өтіп бара жатқан куәгердің бірі ұялы телефонға түсіріп, дабыл қаққан. Қарғалының мүшкіл халін естіген экологтар мен жергілікті билік өкілдері өзен бойына келгенімен, мұндай көріністі байқамапты. Десе де полициямен бірлесіп анықтау жұмыстары басталып кетті.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Қарғалы өзенінің бойында ешқандай кәсіпорын жоқ. Маңайда тек жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тосын оқиғаның ешқандай табиғи құбылыс еместігін мойындаған тексерушілер енді әр үйді қадағалауға алды. Тіпті, өзен суының ластанғанын анықтау мақсатында сынама алынып, зертханаға жіберілген. Бірақ, сараптама қорытындысының қашан шығатыны белгісіз.

"Бізде алдын ала ешқандай болжам жоқ. Еш мәлімет, факті болмай тұр. Соған байланысты бұл сұраққа бірден жауап беру қиын. Алдағы уақытта анықталады деген ойдамыз. Анықталған жағдайда Наурызбай аудындық ішкі істер басқармасымен бірге шара қолданамыз",- дейді Наурызбай аудандық қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің аға инспекторы Мадияр Шымырқұлов.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, көпшілікке Балқаш көлінде демалуға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866678-kargaly-zenindegi-smdyk-krinis-ekologtardy-aagynan-tik-trgyzdy-video/

pixel