Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық дәрігер кондиционердің коронавирусқа әсерін айтты

Опубликовано:

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов коронавирусқа байланысты қала тұрғындарын мазалайтын өзекті сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, қауіпті вирустың туындауына кондиционер де себеп болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Абзал Малбасқанов кондиционердің қандай зиян келтіретінін айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, кониционер коронавирусты қоздыруы мүмкін, себебі бөлмедегі ауа айналмайды.

"Адам салқын ауада отырып, кейін ыстыққа шыққанда, ағза температурасы түсіп кетеді. Бұл өз кезегінде иммунитеттің төмендеуіне соқтырады. Сөйтіп коронавирус инфекциясын қоздыруы да мүмкін. Себебі кондиционерді қосқанда, барлығын жабамыз, содан ауа айналмайды", – дейді Абзал Малбасқанов.

Айта кетейік, бұған дейін Сан-Францискодағы Калифорния университеті ғалымдарының коронавирустың өлім қаупін 12 есеге арттыратын ауруды анықтағанын хабарлағанбыз.

Кең ауқымды зерттеуге сәйкес, қант диабетімен ауыратын COVID-19 жұқтырушыларының ауруханаға жату мұқтаждығы алты есеге, ал қайтыс болу қаупі 12 есеге көбейген.

Мамандардың айтуынша, бұл ауру коронавирус инфекциясының неғұрлым ауыр өтуіне ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866964-almatylyk-driger-kondicionerdi-koronaviruska-serin-ajtty/

pixel