jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Құрбан айт күндері Шымкент кіреберістеріне 17 бекет қойылды

: UGC

Құрбан айт мерекесі күндері Шымкент қаласында да бірқатар шектеу енгізілді хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Құрбан айт күндері Шымкент кіреберістеріне 17 бекет қойылды
Фото: Хабар 24: UGC

Қалалық Полиция департаменті шаһар аумағына құрбандық малын алып келуге тыйым салды. Тәртіпті қатаң сақтау мақсатында қала кіреберістерінде 17 бекет қойылды.

Мұндай талап мереке кезінде вирустың таралуын болдырмау үшін қойылып отыр. Күшейтілген режим мерзімі 2 тамызға дейін жалғасады. Бұл шектеу құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бергендерге қатысты емес.

Айта кетейік, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбайқажы Тағанұлы барша отандастарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, өз ақ тілегін арнайы видео арқылы жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барша Қазақстан халқын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.

Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады. Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды.

Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.

«Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін. Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!",- деді ол.

Құрбан айт күндері Шымкент кіреберістеріне 17 бекет қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.