Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш жыл бойы көтермеген": Еркектің төсектегі қуатын арттыратын көрпеше жайлы не білеміз

Жарияланған күні:

Отандық журналист Нұрсейіт Жылқышыбай ер адамдардың төсектегі күш-қуатын еселейтін ғажайып көрпеше ойлап тапқан болатын. Бүгінде аталған көрпеше ел арасында кеңінен таралып, танымал тұлғалардың өзі қызығушылық танытуда. Журналистің өзі бүгінге дейін үш мың көрпешенің сатылып кеткеніне қарап, қоғамға мұндай дүниенің аса қажет екенін түсінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Біздің қоғамда ер адамдардың денсаулығы көп ешкімді алаңдатпайды. Бірақ бұл нағыз проблема екенін ешкім ойлап жатқан жоқ. Өйткені, ер адам белден кетсе, болашақ ұрпақтың да тағдыры беймәлім болмақ. Бір қызығы, отбасында проблема туындаса, әсіресе, бала көтеру мәселесі бірінші орынға шықса, көп жағдайда әйелдерге жаба саламыз. Ал әйелдер еркектерге қарағанда өз денсаулығын күтеді. Жылына бірнеше рет гинекологқа қаралады. Қай жерде қандай ақау барын біліп отырады. Өкінішке қарай, ер адамдар мұндайдан намыстанады. "Менде бәрі жақсы" деген еркектік эго оларды уролог алдына жібермейді. Сол себепті, түрлі белсіздік аурулары қылаң береді", - дейді журналист.

Бүгінде "Аламан" аталып кеткен көрпешеге сұраныс артып жатыр. Тапсырыс берушілердің арасында танымал тұлғалар да, бизнес пен билік өкілдері де бар. Тіпті, бірнеше жылдан бері сәби сүйе алмаған келіншек осы көрпешенің көмегінен кейін балалы болды.

"Жақында бір қарт әжей өзінің төрт келініне осы көрпешені алып берді. Олар күйеулеріне сыйға тартып, нәтижесі де көп күттірмеген. Үш жылдан бері бала сүйе алмай жүрген келіні жүкті болыпты. Бұл аталған көрпешенің көмегі үлкен екенін көрсетеді. Одан бөлек, өнер жұлдыздары, ел алдында жүрген танымал тұлғалар тапсырыс беріп, рахметін жаудырып жатыр. Біз мұндайдан ұялмауымыз керек. Ер адамның денсаулығына атүсті қарамайық", - дейді Жылқышыбай.

Нұрсейіттің айтуынша, ер адамдардың қырықтан асқан соң төсекте жарамай қалуы жиі кездесуде. «Аламан» көрпешесі бір аптадан соң-ақ еркектердің қуатын арттырады.

"Көрпешеге аттың шоқтығы мен пайдалы ағаштар қосылған. Күніне 20 минуттан көрпе үстіне отырсаңыз, кәдімгідей жақсы өзгеріс байқалады. Ал бір аптадан соң нәтиже көп күттірмейді. Көлігіңізге салып алсаңыз да, жұмыстан келген соң жайып қойсаңыз да болады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867864-s-zyl-bojy-ktermegen-erkekti-tsektegi-kuatyn-arttyratyn-krpese-zajly-ne-bilemiz/