jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қауынды кімдерге жеуге болмайды

Көрнекі фото
қауын: pixabay.com

Қауынды суық сумен, сүтпен және алкогольдік ішімдікпен бірге жеуге болмайды. Бұндай ас мәзірінен бірден асқазан ауырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

РИА Новости басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, қауын асқазанға ауыр тиеді. Сол себепті оны аш қарынға немесе бірден тамақтан соң жеуге болмайды. Сонымен қатар, мамандар зиянды заттар, негізінен, қабығына жақын жерде болатынын ұмытпауға кеңес береді.

Асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдікті қант диабеті, асқазан жарасы бар адамдарға, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге жемеген жөн. 

Ол калий, магний, темір, С және Р дәрумендеріне бай. Сондықтан шөлді қандырып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Одан бөлек, қауын тыныштандыратын қасиеті бар.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында қарбыздар өсіп шыққанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар кеше түнде қатты жауған нөсер салдарынан Ақтау қаласын су басты.

Ғаламтор кеңістігінде оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдар көптеп жарияланып жатыр.

Анықталғандай, кемінде 12 учаскені су басқан. Олардың бесеуі - автокөлік жолдарының аумағы.

Қатты жауған нөсер көлік жүргізушілерін тығырыққа тіреді. Олар көше бойын су басқандықтан жол шетіндегі жиектастарды көрмей жатқанына шағымданған. Көптеген көлік өз нөмірлерін жоғалтып алған.

Жергілікті әкімдік қазіргі таңда қаладағы жағдай тұрақталғанын мәлімдеді. Төтенше жағдай департаментінің күшімен 13 700 куб метр суды сорғымен тартып шығарды. Нөсерден кейінгі зардаптарды жою жұмыстары әлі де жалғасуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қауынды кімдерге жеуге болмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.