Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбырдың пайдасы": Ақтау жағалауында қарбыздар өсіп кетті (видео)

Опубликовано:

Ақтаудағы қарбыз
Видеодан кадр: inaktau.kz

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауында қарбыз өскенін суреттейтін видео тарап, көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видео мен толық ақпарат инАктау басылымында жарық көрді.

Онда жергілікті тұрғынның бірі Каспий жағалауында өсіп тұрған қарбыздарды видеоға түсіріп алғаны айтылған.

Кадрдан ер адамның теңізге жақын маңда орналасқан орындықтардың жанында жаңбырдан кейін қарбыз өсіп кеткенін айтқанын естуге болады.

Алайда, кейбір желі оқырмандары асқабақ тұқымдасына жататын өсімдіктің Каспий жағалауында демалушылар дән қалдырып кеткеннен кейін шыққан деген пікірде.

Еске сала кетсек, осыған дейін кеше түнде қатты жауған нөсер салдарынан Ақтау қаласын су басқанын жазған болатынбыз.

Ғаламтор кеңістігінде оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдар көптеп жарияланып жатыр.

Анықталғандай, кемінде 12 учаскені су басқан. Олардың бесеуі - автокөлік жолдарының аумағы.

Қатты жауған нөсер көлік жүргізушілерін тығырыққа тіреді. Олар көше бойын су басқандықтан жол шетіндегі жиектастарды көрмей жатқанына шағымданған. Көптеген көлік өз нөмірлерін жоғалтып алған.

Жергілікті әкімдік қазіргі таңда қаладағы жағдай тұрақталғанын мәлімдеді. Төтенше жағдай департаментінің күшімен 13 700 куб метр суды сорғымен тартып шығарды. Нөсерден кейінгі зардаптарды жою жұмыстары әлі де жалғасуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868459-zabyrdy-pajdasy-aktau-zagalauynda-karbyzdar-sip-ketti-video/

pixel