Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Жарияланған күні:

ет
Көрнекі фото: Sputnik / Виталий Тимкив

Әлеуметтік желіде тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосы тарап, көпшіліктің зәресін алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Sputnik Қазақстан агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, видеоны Twitter әлеуметтік желісіне малайзиялық қолданушы жариялаған. Роликтен бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда тұрған еттің қозғала кеткенін байқауға болады. Олар "тіріліп кеткен еттен" шошып, өнімді қайта тоңазытқышқа салған.

Әлеуметтік желіде видеоны тамашалаған оқырмандар мұның расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Пікір білдіргендердің арасында шикі етте біраз уақыт бойы жүйке ұштары жұмыс істеп тұруы мүмкін екенін айтқандар болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ирландияның Килкенни графствосында да қызық жағдай орын алған. Қарулы күштердің ардагері Шей Брэдлиді жерлеуге келген жақындары қабірден дауыс естіп, күлкілерін тыя алмады.

Ардагер жерлеу рәсіміне келетін адамдардың көңіл-күйін көтергісі келіпті. Ол қайтыс болар алдында дауысын таспаға жазып алып, табытты түсіргеннен кейін қосуды сұраған.

Шейдің қызы Андреа "әкем қанша адамның көңілін көтергенін білгенде қатты қуанатын еді", - дейді.

Жерлеу рәсімі кезіндегі видео әлеуметтік желілер арқылы тез таралып кетті. Ирландияның қарулы күштері ардагерлерінің тобы да оны Facebook парақшасында жариялады.

"Жақында бізден "әскери және азаматтық әзілдің айырмашылығы неде" деп сұраған. Жауабы жеңіл, біздің әзіл – "қара" әзіл. Бұл - 12 қазанда болған Шей Брэдлидің жерлеу рәсімі", - деп жазды ардагерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868778-stel-stinde-tirilip-ketken-et-zrtty-zresin-syrdy-video/