Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы "тәртіпсіздіктер" туралы сыбыстарға қатысты полиция түсініктеме берді

Опубликовано:

Полиция Жамбыл1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жамбыл облысының полициясына Қасқабұлақ ауылында тәртіпсіздіктер болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өңірдің полиция департаменті бұл хабарламаға қатысты түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ПД-де хабарланғандай, 11 тамызда сағат 01:30-да Талас ауданы Қасқабұлақ ауылында бұзақылық әрекеттер жасалғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

"Жамбыл облысының полицейлері ізін суытпай "BMW-525", "Toyota Camry" және "ВАЗ-2107" көлігімен келе жатқан 14 адамды ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының аймақтық полиция басқармасына жеткізілді", – делінген департамент хабарламасында.

Бұзақылық фактісі (ҚК 293-бабы) бойынша тергеу жүріп жатыр, тәртіп сақшылары жағдайдың ақ-қарасын анықтап жатыр.

Сонымен қатар, полиция ауылдағы жағдайдың тұрақты екенін айтты. Тәртіп бұзушылық фактісі тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, полицияның баспасөз қызметі тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрады. Полиция бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Еске салсақ, Сәтбаевтағы түнгі тәртіпсіздік куәгері оқиға барысын айтып берген болатын. Оның сөзінше, тұрғындар күдікті подъезіндегі барлық пәтерді талқандауға тырысқан.

Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған. Жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап еткен болатын.

Айта кету керек, Ливанның астанасы соңғы жарылыстардан кейін, наразылықтарға толы. БАҚ мәліметінше, наразылық шаралары нәтижесінде жүздеген адам жарақат алып, бір полиция қызметкері қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869051-zambyl-oblysyndagy-trtipsizdikter-turaly-sybystarga-katysty-policia-tsinikteme-berdi/

pixel