Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы аспанында неліктен тікұшақтар ұшып жүр: Полиция жауап берді

Опубликовано:

ұшақтар
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы полиция қаланы әуе арқылы күзетуді қайта жандандырды. Енді полицейлер тікұшақпен шаһар жолдарындағы қозғалысты бақылайтын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жолдағы жағдайға талдау жасау және қозғалысы көп қиылыстарды анықтау үшін тікұшақтармен қаланы күзетуге кіріскен.

Сондай-ақ, кептеліс мәселесін шешу үшін негізгі магистральдарды қарап шығу жоспарланған.

Қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, соңғы жылдары қалада көлік саны көбейген.

Оның сөзінше, автокөлік қозғалысына кедергілерді анықтау үшін тікұшақпен күзетуді қайта жандандыру туралы шешім қабылданған.

Таймерденов бұл шаралар Алматы жолдарына жиі болатын жол апаты мен жарақат алушылардың санын азайтуға септігін тигізетінін айтады.

Сондай-ақ ол жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгертулер мен түзетулер енгізілетіндігін атап өтті.

Қалыны күзету үшін Төтенше жағдай департаментінің тікұшақтары қолданылады. Ұшуға әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысады.

Күзету барысында әуе экипажы бақылаушыларға қала жолдарындағы қиындықтар туралы хабар береді.

Сонымен қатар, полиция жолдағы жағдайға талдау жасау үшін қосымша дрондар мен картографиялық мобильді қосымшалар қолданылатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент әкімі қалада неліктен тікұшақтардың ұшып жүргенін айтып берген еді.

Сондай-ақ Атырауда тікұшақпен у шашады деген ақпарат та тарады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған видеоға пікір білдіріп, оның жалған екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869325-almaty-aspanynda-nelikten-tiksaktar-syp-zr-policia-zauap-berdi-foto/

pixel