Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында бірнеше тойхана өндіріс орнына айналды

Жарияланған күні:

үйлену
Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында бірнеше тойхана өндіріс орнына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан газетіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Қармақшы ауданындағы 3 тойхана иесі бизнестегі бағытын өзгерткен. Соның нәтижесінде Дүр Оңғар ауылында темірбетон өнімдерін шығаратын цех ашылып, жергілікті тұрғындар еңбекпен қамтылды.

"Ауылда суға салатын кіші және үлкен лотоктарға сұраныс зор. Сондай-ақ, біз қабырға тақтасын да шығарып жатырмыз", – деді серіктестік директорының орынбасары Оралбай Машарапов.

Ал Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков аумақта жыл басынан бері 54 кәсіпкер 296 миллион теңге көлемінде несие алып, өз кәсібін айналдырып жатқанын мәлім етті.

Оның сөзінше, ауданда 27 кіші цех ашылған.

Карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналысқан кәсіпкерлер қатарында ісін жаңа бағытқа бұрған кәсіпкерлер саны артқаны белгілі болды.

Олардың бірі түшпара әзірлейтін цех ашуға ниет білдірсе, енді бірі құс шаруашылығын ашуға бетбұрыс жасау мақсатында арнайы жоба дайындап жатыр.

"Тағы бір тойхана иесі желілік дүкен ашуға ниет білдірді. Оған қоса, кенттегі тойхана қонақ үй есебінде пайдаланылуда", – деді Қармақшы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбдікеров.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткен болатын.

Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына әлі де тыйым салынады.

Олардың қатарында банкет залдары да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869492-kyzylorda-oblysynda-birnese-tojhana-ndiris-ornyna-ajnaldy/