Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөртпе жайылды": Ақтөбеде Кавасаки синдромы анықталған екі баланың жағдайы қалай

Жарияланған күні:

Ақтөбе
Фото: NUR.KZ

Ақтөбелік дәрігерлер Кавасаки дертіне шалдыққан жасөспірімдердің жағдайын айтты. Ауруханаға ауыр жағдайда түскен 5 және 15 жастағы балалардың қазіргі халі қалыпты. Олар әлі де балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Екі жасөспірімнің иммунды ферменттік анализдері вирустық инфекциямен ауырғаны туралы оң көрсетті. Бұл олардың ағзаларында вирустық инфекция бар деген сөз. Бүлдіршіндердің бірі шілде айының аяғында, екіншісі тамыз айының басында ауруханаға түсті. Ауруханаға түскенде балалардың дене қызуы жоғары, жағдайлары ауыр болды. Дене бөртпелері шап аралықтан басталып, денеге тараған. Беті, кеудесінің бәріне бөртпе жайылды.

Қазіргі жағдайы жақсы, бөлімде ем қабылдап жатыр. Әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Кавасаки синдромы кезінде қан тамыры зақымданған соң дене бөртіп кетеді. Ол жұқпалы емес",- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысынының міндетін атқарушы Бекболат Ізбасаров.

Облыс инфекционистері созылмады дертпен есепте тұрғандардың учаскелік дәрігердің бақылауында болуын сұрайды.

"Созылмалы ауруы бар адамдарда COVID-19 инфекциясының ықпалынан күтпеген жерден әртүрлі асқынулар болып жатыр. Оған коронавирустың жаңа сипаты ретінде  көңіл аударуымыз керек. Асқазан жарасы барлар үшін де қауіпті. Сол үшін созылмалы дерті бар тұрғындар дәрігерге қаралып, дәрісін алып, қамдануы керек. 

Өкпе, тыныс  жолдарында айқын қабыну болмағанымен, індеттің басқа ағзаларға кетіп қалатынын ескерген жөн. Әр адам аурудың жұқпалы екенін ұмытпай, сақтық шараларын есте сақтау керек", - дейді облыстың бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин. 

Ақтөбе облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны -3143. Оның ішінде 2443 адам жазылып шықты. Облыстағы провизорлық орталықтарда 361 науқас пневмониядан ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, жақында бас санитар дәрігер елдегі карантинге қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869610-brtpe-zajyldy-aktbede-kavasaki-sindromy-anyktalgan-eki-balany-zagdajy-kalaj/