29 жасында өмірден өткен Айсұлтан Назарбаев туралы не білеміз (фото)
Жарияланған күні:
Түнде Ұлыбритания астанасында 30 жасқа қараған шағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені - Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжамға сәйкес, жүрегі тоқтап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.
1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "Елбасының сүйікті жиені" деп атайды.
Білімі
Ол 2010 жылы Сандхерст қаласында британияның корольдік әскери академиясын тамамдады. Кейін "бизнес әкімшілендіру" мамандығы бойынша Алматыдағы КИМЭП университетінің магистратурасын да оқыды.
Еңбек жолы
2012-2013 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасында қызмет атқарды.
2017 жылдың ақпан-қазан айларында Қазақстан футбол федерациясы президентінің орынбасары болды. Елбасының жиені ФИФА, УЕФА және ұлттық қауымдастықтармен халықаралық байланыс орнатуға жауап берді.
Ол Ұлыбританияның "жауынгерлік айбыны үшін" наградасымен марапатталған.
Спорттағы карьерасы
Елбасының жиені ала допқа бала кезден қызыққан. Әкесі Рақат Әлиев Австрияда қызметте болған кезде "Адмир Ваккер" клубында футболмен айналыса бастады.
- 2006 жылы Қазақстан бірінші лигасында астаналық "Рахат" үшін өнер көрсетті. 2007 жылы Алматының "Железнодорожник" клубының құрамында болды.
- 2006 жылы футболдан Еуропа жасөспірімдер чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Кейін бірнеше ай "Челси" академиясында болды. Ол Англия чемпионатының қола жүлдегері.
Айсұлтан 2011 жылы "Астанада" ойнады. 2012 жылдың 21 қазанында Қазақстан чемпионатындағы жалғыз матчын өткізді. Қаскелеңдік "Сұңқар" клубының "Ақтөбемен" кездесуінде екінші таймның ортасында алаңға шықты.
Англиядағы клиника
Англияда есірткіге тәуелділерге арналған клиникада ем қабылдады. Бұдан соң Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше пост жариялады. Оның жазбалары Қазақстанда қоғамдық резонанс тудырды. Марқұм соңғы жазбасын 2020 жылдың 17 шілдесінде жазған.
Жеке өмірі
2013 жылы "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленген болатын. 2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.
2019 жылдың сәуір айында Айсұлтан Назарбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында аты-жөнін Aisultan Rakhat деп, ал отбасылық жағдайын "ажырасқан" деп өзгерткен.
Еске сала кетсек, осыған дейін Айсұлтан Назарбаевтың 29 жасында қайтыс болғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869711-29-zasynda-mirden-tken-ajsltan-nazarbaev-turaly-ne-bilemiz-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.