Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вируспен күрескен отандық танымал дәрігер пневмониядан қайтыс болды

Опубликовано:

Сахариев
Аабй Сахариев: Facebook.com жеке парақшасынан

Алматы облысы мен Талдықорғанда танымал дәрігер, облыстық ауруханадағы интенсивті терапия, жансақтау және анестезиология бөлімінің меңгерушісі Абай Сахариев коронавирустан болған пневмониядан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі Абай Сахариевтің өлімі жайлы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.

Қаралы хабар Instagram желісіндегі "Талдыкорганец" парақшасында жарияланған. Онда Талдықорғандағы облыстық ауруханада жұмыс істейтін анестезиолог-реаниматолог елордада коронавирустан болған пневмониядан көз жұмғаны айтылған.

Дәрігердің екі айға жуық уақыт бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны белгілі болды. Хабарламада Абай Сахариев 16 тамызда өмірден өтті деп көрсетілген.

Медицина қызметкері пандемия басталғаннан бері алдыңғы шепте болып, вируспен күрескен. Абай Мұхамедұлы ауыр жағдайдағы науқастармен жұмыс істегендіктен өзі де қауіп аймағында болған. Сөйте тұра ол көптеген адамды ажал аузынан аман алып қалды.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Абай Сахариевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирустан қайтыс болған дәрігерлер көп. Солардың қатарында медицина ғылымдарының кандидаты, президенттік клиниканың урологы Павел Шолох бар.

Сондай-ақ, Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Оған қоса, Атырауда инфекционист-дәрігер Жұмабек Дәулетов пен фельдшер Алмагүл Демесинова коронавирус инфекциясы мен екі жақты пневмониядан қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869966-elordada-tanymal-driger-koronavirustyk-pnevmoniadan-kajtys-boldy/