Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы өмірден озды
Жарияланған күні:
Футболдан еліміздің әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Нүркенова 52 жастан асқан шағында кенеттен қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал.
Рәзия Төлеуқызы спорттық мансабын қарағандылық "Олимп" әйелдер футбол клубында бастап, онда 1987-1991 жылдар аралығында өнер көрсеткен.
Жоғары беделі, мінсіз шеберлігі, ақкөңілділігі және сыпайылығы жоғары Рәзия Нүркенова тұрақты түрде команданың капитаны болып сайланып отырған.
1992 жылы Рәзия Нүркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін ол жерде жартылай қорғаушы болып доп тепкен.
Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.
Футболшы мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысқан.
Футболдан Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының спорт шебері.
Ресейдің үш дүркін чемпионы – 1993, 1994, 1996 жылдары.
Ресей кубогының иегері – 1994 жылы.
Достастық кубогының иегері – 1996 жылы.
Қазақстан футбол федерациясы мен NUR.KZ ұжымы Рәзия Төлеуқызы Нүркенованың өмірден мезгілсіз өтуіне байланысты марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатовтың 59 жасында өмірден өткенін хабарлаған едік.
Сондай-ақ коронавируспен күрескен белгілі дәрігер Абай Сахариевтің пневмониядан көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870019-futboldan-kazakstan-jelder-kramasyny-bas-zattyktyrusysy-mirden-ozdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.