Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алаяқтар сатушыларды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқан

Опубликовано:

Ақша доллар1
Көрнекі фото: piqsels.com

Оңтүстік астанада алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тауып, оны пайдаланды деген күдікке ілінген үш адамды полиция қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталған үш адам жалған электронды түбіртектерді пайдаланып, шағын дүкендердің сатушыларын алдап жүрген.

Тергеудің қазіргі нұсқасы, сатушының аударым жасауға арналған шот нөмірін алу үшін күдіктілер алдымен аз мөлшерде (әдетте 100-200 теңге) мегаполистің бөлшек сауда дүкендерінде сауда жасаған деп болжайды.

Осыдан кейін ер адамдар ірі ақша көлеміне жалған скриншоттар жасаған деген болжам бар.

Сонымен бірге, Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың айтуынша, осындай жағдайлардың бірінде күдіктілео дүкеннен 170 мың теңгеге темекі сатып алғысы келген.

Мәміле жасау кезінде ол сатушыға бір қарағанда түпнұсқадан ажырату қиын төлем туралы "түбіртекті" ұсынған.

Қазіргі уақытта полицияның мәліметінше, олар ұсталғандардың заң бұзушылықтың отыз жағдайға қатысы барын анықтап үлгерді. Басқа ықтимал эпизодтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн-брифинг барысында процессинг орталығы қызметкерлерінің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Оған қоса, оңтүстік астана тұрғыны Германиядан есірткі салынған сәлемдеме алғаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870089-almatyda-alaaktar-satusylardy-aldaudy-zaa-disin-ojlap-tapkan/