"Мен сіздің жанкүйеріңізбін": АҚШ-та Трамптың Путинге жазған хаттары жарияланды
Жарияланған күні:

АҚШ сенатының барлау комитеті Дональд Трамптың Ресей президентіне 2008 жылда жазған алғашқы хаттарын жария етті. Бұл Трамптың АҚШ президенті болғанына дейін жазған хаттары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бірінші хат 2008 жылы жазылған. Онда Трамп Ресей президентін Time журналының нұсқасы бойынша "Жыл адамы" атағына ие болуымен құттықтаған.
"Мен сіздің жанкүйеріңізбін", – деп толықтырды Ақ үй әкімшілігінің болашақ басшысы.

Екінші хаты 2013 жылы жазылған, онда Трамп Путинді Мәскеуде өткелі жатқан "Әлем аруы" байқауына шақырады. Соңында ол "Жер бетіндегі ең әдемі әйелдер!" туралы сөз қалдырған.
Америкалық миллиардер өз хатында Ресей президентін осы байқаудың құрметті қонағы болуға жеке өзі шақырғысы келгенін баса айтады.
"Біз Ресейде жарысты өткізу үшін көптеген елден бас тарттық", – делінген хатта.
Путин хатқа құттықтаулармен жауап берді, бірақ ол "Әлем аруы" байқауына қатыса алмайтынын айтқан. Бірақ ол осы ауқымды шараның қонақтары Ресей астанасына бей-жай қарамай, жарыс туралы жақсы естеліктерді есте сақтайды деп үміттенетінін жеткізген деп хабарлайды Mail Online.

Алайда 2016 жылы өткен президент сайлауы кезінде Трамп Ресеймен ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеген.
Еске салсақ, АҚШ президентінің інісі Роберт Трамп 73 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Ал АҚШ-тың демократиялық партиясы бұрынғы вице-президент Джо Байденді ресми түрде президентікке үміткер ретінде ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870357-men-sizdi-zankjeriizbin-aks-ta-trampty-putinge-zazgan-hattary-zarialandy/