Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алкоголь мен темекі сатып алғанда кімдер құжат көрсетуі керек

Опубликовано:

дүкен 777
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сауда және интеграция министрі Қазақстанда алкоголь және темекі өнімдерін сатып алу кезінде құжат көрсету ережесінің өзгеруін түсіндіріп берді. Жаңа кодексте жас ерекшелігіне қарамастан, барлық сатып алушылардан құжат талап ету міндеттелген еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда 2020 жылы қабылданған халық денсаулығы туралы жаңа кодекске сәйкес, сатушылар алкоголь мен темекі өнімдерін сатып алушылардың барлығынан жеке куәлік талап етуге міндеттелген болатын.

Айта кетейік, кодексте сатып алушылардың жас ерекшелігіне байланысты ешқандай мәлімет көрсетілмеген. Яғни, сатып алушының жасы 21-ден асқаны көрініп тұрса да, сатушы барлық азаматтардан жеке куәлігін көрсетуді талап етеді.

Егер құжат көрсетілмесе, онда сатушы да тауарды сатудан бас тартуға міндетті.

Алайда жаңа кодекс қабылданғаннан кейін көптеген азамат алкоголь және темекі өнімдерін сатып алу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну талабына шағымданған болатын.

Кеше, 19 тамызда Сауда министрлігі алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сатуға қатысты Ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізді.

Оған сәйкес, алкоголь мен темекі өнімдерін сату тәртібі өзгерген.

Енді алкоголь және темекі өнімдерін сатушы сатып алушының 21 жасқа толғанына күмән келтірсе ғана оның жеке басын куәландыратын құжатты талап етеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде кеңес өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен диалог орнату арқылы қоғам наразылығын туғызған түйткілді салаларды анықтауға болатынын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870388-alkogol-men-temeki-satyp-alganda-kimder-kzat-krsetui-kerek/

pixel