Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда рельстің біткенін байқамаған машинист апатқа ұшырады (фото)

Опубликовано:

вагон
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысында тауарлар тиелген вагон рельстен шығып, бір бөлігі теміржолдың төсеме үйіндісінен түсіп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ Жайық газетіне сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай 20 тамызда таңғы сағат 5-те Индер ауданының аумағында орын алған.

Мақат кентінен шыққан тепловозға 16 тауар вагоны тіркелгені, оның үшеуіне тауар тиелгені белгілі болды.

Осы оқиға қатысты "Индер-Теміржолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Берік Ишағалиев түсініктеме беріп, вагонның рельстен шығып кетуіне пойыз жүргізушісінің кінәлі екенін мәлім етті.

"Апат ұйықтап қалған машинистің кінәсінен болған. Бағымызға орай, ол зардап шеккен жоқ, - дейді ол.

Қазіргі уақытта осы жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысындағы Шоқпар бекетінде төтенше жағдай орын алғанын жазған болатынбыз. Анықталғандай екі вагон рельстен шығып кеткен, ал олардың біреуінің ішінде бензин болған. Соның салдарынан өрт шыққаны хабарланды.

Одан бөлек, Алматыда қымбат Ferrari мінген ер адам жаппай жол апатын ұйымдастырған еді.

Сондай-ақ мегаполис маңындағы тас жолда алты көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан аяғы ауыр әйел мен оның күйеуі қайтыс болғаны хабарланды.

Ал 3 тамыз күні қазақстандық спортшылар мінген көлік апатқа ұшырап, үш балуан оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауыр жарақат алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870520-atyrauda-relsti-bitkenin-bajkamagan-masinist-apatka-syrady-foto/