Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда полиция пунктіне "шабуыл" жасалды: Полиция пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

фото
Видеодан кадр: instagram.com/zhaloby_astana

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тірек пунктіне жасалған "шабуылға" қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі "Жалобы Астана" тобында жарық көрді. Кадрдан қара киім киген бір топ адамның ғимараттың есік-терезесін ұрып жатқанын байқау қиын емес.

"Бұл тірек пункті емес пе? Не болып жатыр? Оң жағалаудағы үйдің тұрғындары сенбі күні таңертең тарсыл-гүрсіл мен айғай-шудан оянып кетті", - делінген жазбада.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берген.

Тиісті мекеме 22 тамызда "Байқоңыр" ауданы полиция басқармасының базасында оқу-жаттығу өткенін мәлім етті.

"Кеңейтілген жедел тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Ол 23 тамызда да жалғасады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция елордалықтардан жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

Айта кету керек, осыған дейін әнші Кентал өзін құқық қорғау қызметкерлері үйінен алып кетіп, бөлімшеге апарғанын жеткізген болатын.

Оған әншінің төрт жыл бұрын полицей формасын киіп, түсірген видеосы себеп болған.

Кейін Алматы қаласының полициясы Кентал түсірген вайнға қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870681-nr-sltanda-policia-punktine-sabuyl-zasaldy-policia-pikir-bildirdi-video/

pixel