Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 13 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

жас қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында полиция қызметкерлері, еріктілер мен тұрғындар шаштаразға барған соң із-түзсіз кеткет 13 жастағы қызды іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жасөспірімнің іздестіріліп жатқанын Sputnik Қазақстан агенттігіне Lider.kz еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Олеся Баимова мәлім еткен.

Олесяның айтуынша, жасөспірім қыз отбасымен бірге Щучинскте тұрады. Алайда жоғалар күні ол Көкшетау маңындағы Нұрлы көш ауылында тұратын туыстарының үйіне қонаққа барған.

Жоғалған Айгерім Хайдарова 13 жаста. Жоғалар күні ол күміс түсті күрте, ақ кроссовки мен көк джинсы киген. Қыздың шашы қара, ұзын, көзі қоңыр, дене бітімі арықша, бойы 156-160 сантиметр.

20 тамыз күні күндіз Айгерім шашын боятпақ болып туыстарының үйінен 1-2 шақырым жердегі Красный Ярдағы шаштаразға кеткен.

Ол салонға расымен барған. Алайда онда керек бояу болмаған соң Айгерім кетіп қалыпты. Содан бері одан еш хабар-ошар жоқ.

Еріктілер, полиция, жасөспірімнің туыстары жақын маңайдың бәрін тексерген. Алайда іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеген.

23 тамызда әлеуметтік желі қолданушысы қызды Щучинстегіі кафелердің бірінен көргенін айтқан. Алайда бейнекамерадаға жазбалардан оны таба алмаған.

Айгерімнің туыстары Красный Ярдағы автокөлік иелерінен видео тіркеулеріндегі жазбаларды көрулерін сұрайды. Мектеп оқушысы камераға түсіп қалған болуы мүмкін.

Ақмола облысының полициясы NUR.KZ редакциясына қызының жоғалғанын айтып 21 тамызда әйел адамныңң шағымданғанын хабарлады. Жасөспірімді іздеуге 100-ден астам полицей, ТЖД 20 қызметкері, Ұлттық ұланның 30 әскери қызметшісі тартылған.

Алайда Айгерімнен әлі де ешқандай хабар жоқ.

Жоғалған жасөпірім қыз туралы қандай да бір дерек білсеңіз 8 775 085 03 15 немесе 102 нөміріне хабар беріңіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында жоғалған Әшірхан Хайдаровты туыстары бір жылдан бері іздеп жатқанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпанидің жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Жеткіншек 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы куәгерлердің соңғы рет Ленджери ауылында көргендігі айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870893-akmola-oblysynda-13-zastagy-kyz-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto/

pixel