jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Коронавируспен ауырған адам инфекцияны қайта жұқтыруы мүмкін бе

коронавирус шетел
Көрнекі фото: tass.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен ауырып шыққан адамдар вирусты қайта жұқтыруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бірақ, ДДҰ-ның ресми өкілі Маргарет Харристің айтуынша, қазіргі таңда инфекцияны қайта жұқтыру деректері бірлі-жарым ғана деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Коронавирусқа тапсырған тест алғашында теріс, кейін оң нәтиже көрсетті деген хабарламалар арасында болып тұратын. Бүгінге дейін адамдар вирусты шынымен қайта жұқтырды ма, жоқ әлде бұл тестілеумен байланысты проблема ма, ол жағы түсініксіз еді. Бірақ, мұндай жағдайлар өте аз кездескенін атап өткен жөн. Және бұл 23 миллионның арасынан біреу ғана. Осыған ұқсас жағдайлар қайталануы мүмкін, бірақ олар тұрақты түрде болмайды", - деді Харрис Гонконгтегі қайта жұқтыру оқиғасына түсініктеме беріп.

Айтуынша, бұл жағдай иммунитеттің қалай қалыптасып, қанша уақытқа созылатынын және оған вакцина қалай әсер ететінін түсіну үшін өте маңызды.

ДДҰ COVID-19-ға қарсы вакциналар иммунитетті күшейтеді деген үмітте.

Әлем елдерінде коронавирусты қайта жұқтыру деректері тіркелуде.

24 тамызда Гонконгте 33 жастағы ер адамның індетке екінші рет шалдыққаны хабарланды. IT маманы коронавирустан сәуір айында емделіп шыққан. Алайда тамыздың басында оның коронавирусқа тапсырған тесті тағы оң нәтиже көрсетті. Ол жуырда Испаниядан оралған.

Сондай-ақ, бүгін, 25 тамызда Тува басшысы Шолбан Кара-оол вирусты қайта жұқтырғанын мәлімдеді. Оны тексерілу үшін Мәскеуге жіберген.

Белгия мен Нидерландыда да осындай екі жағдай анықталып отыр.

Коронавируспен ауырған адам инфекцияны қайта жұқтыруы мүмкін бе

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.