Талдықорғанда 15 жастағы жеткіншек он күннен бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Жоғалған1
Фото: Талдықорған қаласы ПБ

Талдықорған қалалық полиция басқармасы 15 жастағы жеткіншекке іздеу жариялайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Талдықорған қалалық полиция басқармасы 2005 жылы туған Әділет Мақсатұлы Нүсіпбаевқа іздеу жариялайды. Ол 12 тамызда үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған балаға тән белгілер: бойы – 160-165 см, дене бітімі орташа, келбеті - азиялық, өңі ашық, шашы қысқа, көздері қара-қоңыр, бетінде кішкентай туа біткен дақтар бар. Үстіне көк түсті спорттық трико, қара түсті футболка және қоңыр түсті жеңіл аяқкиім киген.

Жасөспірім немесе оның мекенжайы туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефондарға хабарлауға болады: 8 (7282) 608066, 8-707-971-89-23 немесе 102.

Қазіргі уақытта жасөспірімді іздеу жұмыстарына Талдықорған қаласы ПБ жеке құрамы, жақын орналасқан қалалар мен облыстың полиция органдарының бөлімшелері, сондай-ақ еріктілер мен қоғам өкілдері жұмылдырылған.

Еске салсақ, бүгін түнгі бірде алматылық тұрғын арықтан жаңа туған нәрестені тауып алды. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ, Ақмола облысында полиция қызметкерлері, еріктілер мен тұрғындар шаштаразға барған соң із-түзсіз кеткет 13 жастағы қызды іздестіріп жатқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871080-taldykorganda-15-zastagy-zetkinsek-on-knnen-beri-tabylmaj-zatyr/