Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің басым бөлігінде найзағай мен нөсер жаңбыр күтілуде

Опубликовано:

жаңбыр
Көрнекі фото: hyser.com.ua

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы құбылып, найзағай болып, жаңбыр жауады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Қазгидромет 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Аптаның соңына қарай Қазақстанның батыс өңірлеріндегі ауа-райы Скандинавия аймақтарынан келген циклонмен анықталады.

"Сондықтан, елдің батысында кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыста найзағаймен бірге қатты жаңбыр жауады, бұрқасынмен жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың басқа аймағы антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз, ауа райы жылы болады", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, кеше еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бүгін Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ертең жел күшейіп, жаңбыр жауады деп күтілуде.

Cиноптиктер мәліметінше, 26 тамыз күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Өңірде күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

26 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

26 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жауады, найзағай онап, дауыл соғады, бұршақ жаууы да ықтимал. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең Түркістан қаласында найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871155-elimizdi-basym-bliginde-najzagaj-men-nser-zabyr-ktilude/

pixel