Елімізде 1 қыркүйек - Білім күні онлайн өтеді
Жарияланған күні:

Білім күнінде қазақстандық оқушылар мектепке келмейді. Іс-шараны онлайн өткізу туралы шешім қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ БҒМ Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, 1 қыркүйек күні балалар мектепке келмейді, білім күніне арналған жиынға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады.
Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, балалар мен педагогтердің денсаулығын сақтау мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында, 1-11 сыныптарда мектептерде қашықтан оқыту жүргізіледі.
"Мектепалды даярлық сыныптары, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша мектепте кезекші сынып ашылады. Кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін оқытылады. Әр кезекші сыныпқа бөлек мұғалім бекітіледі", - деді министрлік.
Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеу туралы шешім қабылдаса онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Ал санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елді мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқытылады.
Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Алайда ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмес, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Сондай-ақ, арнайы мектеп-интернаттардағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режимде оқи алады.
Бұл ретте балалар интернатта тұрады және мектеп жабық режимде жұмыс істейтін болады. Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Еске сала кетсек, бұған дейін ведомство қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасы берілмейтінін мәлім еткен еді.
Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі бірқатар ғылыми институттардың қайта құрылатынын хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871342-elimizde-1-kyrkjek-bilim-kni-onlajn-tedi/