Күн күркіреп, найзағай ойнайды: Еліміздің қай өңірлерінде ауа райы бұзылады
Жарияланған күні:

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
28 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Ертең күндіз Өскеменде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15 м/с жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай жарқылдайды. Күндіз жел оңтүстіктен соғады кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ал Оралда жел оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с жетеді. 28 тамызда күнде, 30 тамызда күндіз, сондай-ақ 31 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, тұман түседі. 28-31 тамызда өңірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.
31 тамызда күндіз Таразда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, сондай-ақ, дауыл соғады. 28 тамызда күндіз, 29 тамызда күні бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 тамызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал Атырау облысының кей жерлерінде жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871478-kn-krkirep-najzagaj-ojnajdy-elimizdi-kaj-irlerinde-aua-rajy-bzylady/