Қазақстандық экипаж «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалында

Опубликовано:

танкшілерр
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Еліміз атынан сынға түсіп жатқан танкіші-жауынгерлер кезекті жарыста екінші орынды иеленіп, Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалына жолдама алды.

Үшінші экипаждың өнер көрсетуімен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары үшін жеке жарыс аяқталды.

Бұл жарыста да алдыңғы кезеңдегідей қазақстандық команда екінші уақытты көрсетіп тек ресейлік танкішілерге есе жіберді.Үшінші орынға Өзбекстан, төртінші орынға Қырғызстан командалары жайғасты.

Қазақстаннан келген жауынгерлер барлық үш сапарда трассадан өту кезінде жоғары жылдамдықты, сонымен қатар, мақсаттардың дәлме-дәл зақымдануы мен экипаждардың үйлесімді жұмысын көрсетті. Біздің команда қарсыластары 29-30 тамызда Әзірбайжан, Беларусь, Қытай және Сербия командаларының қорытынды кездесулерінен кейін анықталады. Өз кезегінде қазақстандық жауынгерлер жартылай финалдық эстафетада өз шеберліктерін көрсетуі керек. Онда экипаждар кезекпен трассадан өтеді. Жартылай финалдық сайыстардың жеребе тарту рәсімі 30 тамызға белгіленген.

танкшілер
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Финалға шығу үшін бақ сынайтын эстафеталық жарыс 1-2 қыркүйекке жоспарланған.

Анықтама:

«Танк биатлоны» байқауы Ресей Федерациясы Мәскеу облысының «Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындары – 2020 аясында өтіп жатыр. Аталмыш байқау ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде аяқталады.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен елде қабылданған шараларға байланысты Қазақстан биыл ең көрнекті және беделді саналатын «Танк биатлоны» байқауында ғана бақ сынайды. Байқауға 16 елдің танк экипаждары қатысады. Оның ішінде Абхазия, Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Қазақстан, Катар, Қытай, Конго, Қырғызстан, Лаос, Мьянма, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Оңтүстік Осетия елдері бар.

2019 жылы қазақстандық танкішілер үшінші орынды, 2018 жылы төртінші орынды иеленді.

танкші
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871481-kazakstandyk-ekipaz-tank-biatlony-bajkauyny-zartylaj-finalynda/