Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ауыл тұрғындары суды есекпен тасып жүр (видео)

Опубликовано:

Ауыл тұрғындары есекпен су тасып жүр
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазір жаңа технологиялар мен цифрландыру заманы екеніне қарамастан, Түркістан облысында ауыл тұрғындары суды есекпен тасуға мәжбүр. Бұл мәселеге қатысты әкімдік жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан оңтүстігіндегі Шоқтас ауылының тұрғындары бейнероликті "Астана" телеарнасының редакциясына жіберген. Олар ауыз су алу үшін бірнеше шақырым жол жүретінін айтып шағымданған. Кейбірі суды велосипедпен тасыса, енді бірі есекпен әкелуге мәжбүр.

Ауылға құбырлар жеткізілгенімен, бұл мәселені түбегейлі шешпесе керек. Әкімдіккке хабарласқан тілшілерге Шаға округі әкімі аппаратының бас маманы Айдос Байжанов жауап берді.

Байжанов ауылда су бар екенін, бүгінде 4 су колонкасы жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Шенеуніктің сөзінше, су тек жекеменшік тұрғын үйлерге жүргізілмеген.

Журналистер онда неге тұрғындар бірнеше шақырым жүруге мәжбүр деген сұрақты да қойды.

"Колонкалар бір-бірінен нақты ара-қашықтықта тұр. Адамдар суды тасиды, болды",- деп түсіндірді маман.

Сонымен қатар, Байжанов мәселе жыл соңына дейін шешілетінін, әр жеке үйге су жүргізу жоспарланып отырғанын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында полицейлер интимді видеоны таратамын деп жасөспірім қызды бопсалаған әйелді қолға түсірген еді.

Ал оған дейін Түркістан облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз жасы отыздан асқан жігітке тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871538-trkistan-oblysynda-auyl-trgyndary-sudy-esekpen-tasyp-zr-video/

pixel