Зектілері

Әйелінен айырылған оралдық жеті баланың әкесіне ел тұрғындары 11 млн жинап берді

Жарияланған күні:

Фото
Жеті баланың әкесі, фото: Мой город

Қазақстандықтар оралдық жеті баланың әкесі Ержігіт Хайрашевтың жеке шотына 11 миллион теңге аударды. Ер адамның әйелі 1 тамызда қатерлі ісіктен көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.

Ержігіт Хайрашев Нұр-Сұлтан қаласының қайырымдылық қорынан ер адам қоңырау шалып, отбасына көмек ұсынғанын жасырмады.

Оның сөзінше, бір аптадан кейін олар баспана сатып алған.

"Шағын екі қабатты үй уақытша әкімдік берген үйдің жанында орналасқан. Екінші қабатта балаларға арналған үш кішкентай жатын бөлме, бірінші қабатта ас үй, жуынатын бөлме және қонақ бөлмесі бар. Мен өзім жуынатын бөлме жасауым керек, бірақ бұл проблема емес, бәрі шешіледі", – дейді Ержігіт Хайрашев.

Қазір Хайрашевтар отбасы жаңа үйге көшіп үлгерген. Ер адам арманын орындауға және балаларына үй сатып алуға көмектескен әрбір қазақстандыққа алғысын білдіреді.

Ержігіт Хайрашевтың отбасына ақша жинауды Нұр-Сұлтаннан "DAULETTEN" жеке қайырымдылық қоры жариялағаны белгілі болды.

"Ай сайын жиын жариялаймыз, бізде ірі демеушілер мен бизнесмендер жоқ, барлық ақшаны Қазақстан тұрғындары аударады. Ержігіт Хайрашевтың отбасына 7 сағат ішінде ел тұрғындары 11 миллион теңге жинады. Орташа алғанда әр адам 1000 теңгеден салған. Бұл мұқтаж отбасыларға сатып алынған алғашқы пәтер емес. Сонымен қатар, Қор оралдық арбаға таңылған мүгедекке де пәтер сатып алып берді",-делінген қордың хабарламасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында онкологиялық ауруы бар көп балалы ана короновирусқа жүргізілген талдаудың оң нәтижесіне байланысты медициналық көмек алмай қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871544-jelinen-ajyrylgan-oraldyk-zeti-balany-kesine-el-trgyndary-11-mln-zinap-berdi/