Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин басталғалы елімізде 4 587 жұп ажырасып кеткен

Опубликовано:

Ажырасу1
Көрнекі фото: Shutterstock

Карантин басталған наурыз айынан маусымға дейін елімізде 4 587 жұп ажырасып кетіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Пандемия ерлі-зайыптылардың шыдамдылығын шындап сынауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Статистика комитетінің мәліметінше, бұл жағымсыз көрсеткіш бойынша Алматы көш бастап тұр екен. Некенің ең көп бұзылуы дәл осы қалада тіркелген. Оңтүстік астанада 554 жұптың дәм-тұзы жараспай, екіге айырылыпты.

Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы мен Алматы облысы тұр. Мегаполис саналатын Нұр-Сұлтанда 345 жұп, ал Шымкентте 184 жұп бөлек өмір сүруді құп көріпті.

Атап өтерлігі, некеге ең берік аймақ Қызылорда облысы екен. Карантин кезінде Сыр өңірінде 31 жұптың некесі бұзылыпты.

Еске салсақ, бұған дейін Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Құдиярова карантин кезінде үйде отырған тұрғындарға уақытты тиімді пайдаланудың жолын айтқан болатын.

Оған қоса, адамдар соңғы уақыттарда үйден шықпай, қашықтан жұмыс істеуге дағдылануда. Шын мәнінде төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Осы орайда белгілі психолог Серікгүл Сәлі карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болатынын айтып, жан-жақты түсіндірген еді.

Сондай-ақ, жыл басында Атырауда отау құрған жастар төрт күннен соң ажырасу туралы шешімге келгенін жазған едік. Ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуіне қалыңдықтың анасы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871554-karantin-bastalgaly-elimizde-4-587-zp-azyrasty/

pixel