Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды: Қандай өзгерістер бар

Опубликовано:

окушы
Көрнекі фото: pixabay.com

3,3 млн қазақстандық оқушы, 466 мың колледж және 600 мың ЖОО студенттері үшін жаңа 2020-2021 оқу жылы басталды деп жазады KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданған. Олардың көпшілігі 6 жасқа толған. Тағы 11 мыңдай бала биыл жыл соңына дейін алты жасқа келеді.

Мектептерде балалардың жас ерекшелігін және ата-аналарының талап-тілегін ескере келе, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істей бастады. Бір сыныпта 15 баладан артық болмауы керек.

Биылғы оқу жылында бастауышта бір миллионнан астам бала оқиды. Олардың 60% -ы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің айтуы бойынша кезекші сыныптарда оқуды бастады.

Елімізде 7 мыңнан астам мектеп бар, оның 3 мыңға жуығы 1-11 сынып оқушыларына дәстүрлі форматта сабақ береді. Негізінен бұл шалғайдағы шағын мектептер, олардың әрқайсысында 180 баладан артық оқымайды. Өңірлердегі санитарлық дәрігерлер осындай шешім қабылдаған.

  • 2.6 миллионға жуық оқушы отандық білім беру платформаларын қолдана отырып, қашықтан білім алады.
  • Республикалық "Балапан" және "Ел арна" телеарналары мұғалімдердің сұранысы бойынша қосымша құрал ретінде қолданылатын телесабақтарды көрсетеді.

Биыл жаңартылған білім беру мазмұнына толығымен көшу аяқталды.

Бүгін жергілікті атқарушы органдар бүкіл ел бойынша 32 мектепті пайдалануға берді. Ал жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы қолданысқа берілмек. Мектеп оқушыларына қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған компьютерлер мен роутерлерді жергілікті атқарушы органдар уақытша берді.

Жаңа оқу жылында мектептерде 10 258 жас маман жұмыс істей бастады.

Еске сала кетсек, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты.

Сонымен бірге, ведомство бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері жаңа оқу жылында қалай оқитынын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871920-kazakstanda-zaa-oku-zyly-bastaldy-kandaj-zgerister-bar/

pixel