Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері қалай оқиды

Опубликовано:

Студенттер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері жаңа оқу жылында қалай оқитынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бакалавриат. 1 курс

БҒМ мәліметінше, күзгі семестр қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады. Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді.

1 курс студенттері үшін 24 тамыздан бастап ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін онлайн-режимде бағдарлау апталығы өткізіліп жатыр.

Оқу құралдары және интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.

Бакалавриат. 2-4 курс

2-4 курс студенттері үшін оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап ЖОО-лар өз студенттері үшін таныстыру онлайн-кездесулерін өткізіп жатыр.

Оқытуды педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша толық қашықтан оқыту форматына көшіру ұсынылған.

Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.

Офлайн режимде өткізілетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына хабарласу керек.

Оқу құралдары және интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.

Магистратура

Магистранттарды оқыту 14 қыркүйекте қашықтан басталады.

  • 31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;
  • 5 қыркүйекке дейін грантқа өтініш қабылданады;
  • 7 қыркүйекте гранттарды тағайындау бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау жоспарлануда;
  • 8 қыркүйектен бастап ЖАО (әкімдіктер) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау басталады;
  • 11 қыркүйекке дейін ЖОО-ға қабылдау үшін өтініштер қабылданады.

2 курс магистранттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру магистранттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.

Кестені нақтылау үшін магистранттар өздерінің ЖОО-ларына хабарласулары керек.

Докторантура

Докторанттар оқуды 1 қыркүйекте қашықтан бастайды.

1 курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі.

2-3 курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру докторанттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.

Кестені нақтылау үшін докторанттар өздерінің ЖОО-ларына хабарласулары керек.

Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрлігі мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылының қалай басталатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар 1 қыркүйек - Білім күніне арналған іс-шара онлайн өтетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871796-zaa-oku-zylynda-bakalavriat-magistratura-men-doktorantura-studentteri-kalaj-okidy/

pixel