jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Күздің алғашқы күндерінде елімізде ауа райы қандай болмақ

Күз ауа райы
Фото: dozor.kharkov.ua

Қазгидромет 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күздің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температуралық фон 23...36 жылы шамасында болады.

Аптаның ортасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Найзағай, жауын-шашын және екпінді жел болады, бұршақ түсуі және ауа температурасы төмендеуі мүмкін, елдің солтүстік жартысында температура 17...28 градус жылы болады. 

Айта кетейік, 3,3 млн қазақстандық оқушы, 466 мың колледж және 600 мың ЖОО студенттері үшін жаңа 2020-2021 оқу жылы басталды.

Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданған. Олардың көпшілігі 6 жасқа толған. Тағы 11 мыңдай бала биыл жыл соңына дейін алты жасқа келеді. Мектептерде балалардың жас ерекшелігін және ата-аналарының талап-тілегін ескере келе, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істей бастады.

Бір сыныпта 15 баладан артық болмауы керек. Биылғы оқу жылында бастауышта бір миллионнан астам бала оқиды. Олардың 60% -ы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің айтуы бойынша кезекші сыныптарда оқуды бастады.

Елімізде 7 мыңнан астам мектеп бар, оның 3 мыңға жуығы 1-11 сынып оқушыларына дәстүрлі форматта сабақ береді. Негізінен бұл шалғайдағы шағын мектептер, олардың әрқайсысында 180 баладан артық оқымайды. Өңірлердегі санитарлық дәрігерлер осындай шешім қабылдаған.

Күздің алғашқы күндерінде елімізде ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.