Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

9 рет ұрлық жасаған қылмыскер қалай бостандықта жүрген

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

9 рет ұрлық жасаған ұры жәбірленушілермен татуласу арқылы бостандықта жүрген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Оның сөзінше, әстердің басым бөлігі үкім шығарылумен аяқталып, қылмыскерлер жасаған әрекеті үшін шынайы жаза алады.

"Мәселен, азамат Бегалин 2019 жылы 9 рет ұрлық жасаған. Оның үшінде 4 рет үйге ұрланып кіріп, қылмыс жасағаны анықталды", - деді Ахметжанов.

Бас прокурордың орынбасары қылмыскер жоғарыда аталған барлық қылмысы үшін зардап шегушілермен татуласу арқылы бостандықта қалып отырғанын жеткізді.

"Дегенмен, осы жылдың ақпанында ол дүкенге кіріп кезекті рет ұрлық жасағаны үшін ұсталып, тұтқынға алынды және бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұған қоса, жасалған ауыр қылмыстар барлық уақытта құқық қорғау органдары басшыларының ерекше бақылауында тұр. Оларды тәжірибелі қызметкерлер тергейді", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс алаңынан 2 миллион теңгенің материалдары ұрланғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматы облысында ер адам сот залынан шыға сала тағы 4 қылмыс жасағанын хабарлаған едік.

Қазіргі уақытта, ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Сонымен қатар Ақтөбеде жарты сағатта үш адамды тонаған күдіктіні полиция тұтқындағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873182-9-ret-rlyk-zasagan-kylmysker-kalaj-bostandykta-zrgen/

pixel