jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Жетісайлық келіншек күніне 350 мың теңге табатын бизнес ашты (фото)

Фото
Фото: Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны күніне 350 мың теңге табыс түсіретін бизнес ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, құрылғанына 1 жыл толған "Эльмира" жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне орта есеппен 1 тонна, яғни 5000 дана сабын дайындайды екен.

Сұраныс артқан уақытта 10 мың данаға дейін артатыны белгілі болды.

Ведомсво жеке кәсіпкер әр сабынды 70-80 теңгеден саудалап, күніне 350 мың теңге табатынын мәлім етті.

Отбасылық кәсіпті 2 адам дөңгелетіп отыр екен.

Фото
Фото: Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

Құрылтайшылар аталған бизнестің шығыны аз екенін мойындап отыр. Себебі қолданылған тоң май сатып алып, қайнататын көрінеді. Сонымен қатар, өнімді дайындау үшін сода да қажет.

Фото
Фото: Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

"Өнімнің сапасы жоғары, әрі табиғи таза. Алдағы уақытта сұраныс артып, өнім өзге облыстарға жөнелтілетін болса, кәсіп иесі цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ", - делінген хабарламада.

Жетісайлық келіншек күніне 350 мың теңге табатын бизнес ашты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.