jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында 15 жасар қыз жігітімен бірге қашып кетті

ғашықтар1
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды үйіне қайтарды. Жасөспірімнің жігітімен бірге болғаны анықталған деп жазады KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

10 қыркүйекте жасөпірімнің 48 жастағы анасынан қызының жоғалғаны туралы арыз түскен.

Болған жағдайды білген полиция мектеп оқушысын іздеуге кіріскен. Бейнекамераларды тексеру барысында тәртіп сақшылары қызды жас жігітпен көрген.

Полицейлер қыздың анасын сабырға шақырып, баласын жақын арада аман-есен табатындарын айтқан.

Тәртіп сақшылары жасөспіріммен телефон арқылы сөйлескен. Психологтармен бірнеше рет тілдескен соң жас қыз үйіне қайтуға келіскен.

Үш күннен соң, 13 қыркүйекте жоғалған қыз үйіне аман-сау оралған. Ол үйден кетуіне жігітімен қыдырғысы келгені себеп болғанын айтқан.

Қыздың анасы полицейлерге алғыс жаудырып, бұрын қызының мүндай әрекетін байқамағанын айтқан.

Жасөспірім де бұдан кейін үйінен кетпеуге уәде берді. Полицейлер қызбен профилактикалық әңгімелесу жүргізген.

Полицияның дерегінше, қыздың анасына қатысты материал толтырылып, кәмелетке толмағандар ісін қарайтын комиссияға жіберілген. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әйел жауапқа тартылуы мүмкін (ҚР Әкімшілік кодексінің 127 бабы, 1 бөлімі).

Еске сала кетейік, Алматы облысында 30 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында 17 жастағы бозбала жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген. Оны соңғы рет тұрғындардың бірі Қорғас-Алматы тас жолына бағыт алғанын көрген екен.

Кейінірек, 12 қыркүйекте кәмелетке толмаған жігіттің денесі табылды.

Алматы облысында 15 жасар қыз жігітімен бірге қашып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.