jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Онлайн сабақ: Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі

онлайн сабақ
Көрнекі фото: "Айқын"

Келесі айда "Күнделік" пен Daryn.online платформасы біріктіріледі. Бұл туралы Daryn.online-ның өкілі Ержан Оңалбаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазіргі кезде Daryn.online мен "Күнделікті" біріктіріп жатыр. Интеграция болады. Қазан айында аяқталады деп отырмыз. Бұл дегеніміз, бір парольмен "Күнделікке" де, Daryn.online платформасына да кіруге болады", - деді Оңалбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бір мектепте 4-5 білім беру платформасы қолданылып жатады. Содан әрбір оқушы мен мұғалімге 4-5 логин мен пароль жаттап жүруге тура келеді. Ал екі платформаны біріктіргеннен кейін жұмыс жеңілдей түседі.

"Сосын Daryn.online-да тест жасауға болады. Ал тестің нәтижесі "Күнделікке" шығып тұрады", - деп атап өтті Оңалбаев.

Ал брифингке бейнебайланыс арқылы қатысқан "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов дәстүрлі білімге көшуге қатысты пікір білдірді.

"Карантинге қатысты жағдай реттеледі деп сенемін. Сөйтіп, екінші тоқсанда өзіміз үйренген білім беру арнасына оралатын шығармыз. Негізі бейнебайланыс білім беруге жатпайды. Бұл қосымша құрал ғана. Ал мектепте "тет-а-тет" қарым-қатынас, яғни педагогтың балалармен тікелей қарым-қатынаста болғаны маңызды", - дейді Ілиясов.

Оның ойынша, дәстүрлі білім беруге көшкеннен кейін кейбір жағдайларда қашықтан оқыту форматын қолдана береді.

"Дегенмен, нағыз сапалы білім онлайн емес, ол – офлайн білім", - деп түйіндеді Ілиясов.

Онлайн сабақ: Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.