jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Еліміздің сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ауа райы1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

«Қазгидромет» РКМ-сі Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, яғни 18 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлеріне бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең екпіні 23 метрге жетеді деген болжам бар.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа райына байланысты ескертудің дәлдігі 85-90 %.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл тұрып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан, соққан желдің жылдамдығы секундына кей жерлерде 15-20 метрге жетеді.

Ақтауда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Ал Қызылорда облысында өрт қаупі сақталады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-100%.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 метрге жетеді.

Өскеменде жән Cемейде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде 18 қыркүйекте түнде шаңды дауыл тұрып, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр, түнде екпіні 23 метр болады.

Қарағандыда батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 70-75%.

18-19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда 18-19 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа қарай ойысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Еліміздің сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.