Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау және Маңғыстау облыстарына пойыздардың қатынауы қайта жанданды

Опубликовано:

Жолаушылар пойызы
Фото: instagram.com/railways.kz

Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің хаттары негізінде, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, аталмыш бағыттар бойынша рейстер келесі аптада қайта жанданатын болады.

Алайда, жолаушылар міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде орындауы тиіс. Вокзал аумағы мен пойыз ішінде міндетті түрде маскалық режим ұстанып, жолаушылар әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек.

Оған қоса, енді қазақстандықтарға жол жүру құжаттарын вокзалдағы кассалар арқылы емес, ресми сайттың көмегімен онлайн түрде рәсімдеу ұсынылды.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қатынайтын пойыздар:

1) №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

2) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Алматыдан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

3) №47/48 «Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Нұр-Сұлтаннан 2020 жылдың 27 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

4) №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Алматыдан және Маңғыстаудан жөнелтіледі;

5) №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Ақтөбеден 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

6) №313/314 «Атырау – Маңғыстау» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, Маңғыстаудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі;

7) №691/692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Ақтөбеден, 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Атыраудан жөнелтіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875149-atyrau-zne-magystau-oblystaryna-pojyzdardy-katynauy-kajta-zandandy/

pixel