Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жаңа білім ордасы пайдалануға берілді

Опубликовано:

651632
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылордада қала күніне орай Жаппасбай батыр көшесіннен бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа білім нысанының ашылу салтанатына аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Білім ұясы соңғы үлгіге сәйкес оқушылардың жарық та кең, жаңа технологиялармен жабдықталған сыныптарда сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ мектеп жанынан ерекше балаларға арналған арнайы орталық ашу жоспарға қойылған.

Жаңа білім ордасы 120 адамды жұмыспен қамтыған. Білім ұясының құрылысын "Ария-Жаңа Астана" ЖШС жүргізді. 43 мың 497 шаршы метр жерге орналасқан ғимараттың ауласының жалпы көлемі 8721,8 гектарды құрайды. Биыл жаңа мектепте оқушылар санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, II тоқсаннан бастап оқитын болады.

46569
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Биыл "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында қаладағы №23, 43, 112, 173 мектептерінде және Белкөл кентіндегі "Балапан" балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында қала іргесінде орналасқан Ақсуат ауылдық округіндегі №143 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

84656
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бұдан бөлек, халықаралық жобалар арқылы қайтарымсыз грант негізінде № 1, 4, 176 мектептер жөндеуден өтті. Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, "Бәйтерек" шағын ауданынан 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Саяхат мөлтек ауданы мен Е.Демесінов көшесінен жеке инвестор есебінен білім ұясын салу да қолға алынды.

Қала күніне орай облыс орталығында мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды.

545422
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Шара барысында Сыр халқына мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың жолдаған арнайы Үкіметтік құттықтау жеделхаты оқылып, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ел ардақтысы туралы естеліктерімен бөлісті. Қайраткер бюстінің ашылу салтанатына арда тұлғаның жұбайы Қанзира Қалиева қатысып, ел азаматының еңбегін ұмыт қалдырмай, кейінгі ұрпақ жадында жаңғыртуды қолға алған жандарға алғысын айтып, ыстық ықыласын жеткізді.

Қоладан жасалған мүсіннің биіктігі – 1 метр болса, граниттен дайындалған тұғыр биіктігі – 2,3 метрді құрайды. Мүсін авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Аманкелді Кененбаев.

65463
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Арда тұлға көзі тірісінде еселі еңбегімен аймағымыздың абыройын асырып, өз еліне, туған топырағына деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын іспен көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876441-kyzylordada-zaa-bilim-ordasy-pajdalanuga-berildi/

pixel